с ы н е с і м. 1. Канонға қатысты, соған сәйкес; канон бойынша. Қош, сонымен, Талас, Енесай тас бітіктерімен салыстырғанда, Орхон ескерткіштерінің композициялық- архитектуралық құрылыс ансамблі орналасқан табиғи ландшафтың жалпы көрінісі, нар тастардан кейіпкер мүсінін ағаш жонғандай сыр-сымбатын, кескін-келбетін сомдауға төселген кәсіби машықтану, көк түріктің көсемсөзімен шешен бәдізделген тас кітаптың көркемдік-идеялық шешімі, жазу таңбаларының палеографиялық ерекшеліктері к а н о н д ы қ қалыптасып, жетілгені – көшпелі түрік өркениетінің шырқау шың-құзының дәлелі («Жас Алаш»). 2. м а т е м а т и к а л ы қ. Математикадағы тұрақты, стандартты шама, формула, т.б. қатысты, соған тән. Диофант берілген теңдеуді к а н о н д ы қ түрге келтіру үшін ұқсас мүшелерін топтау, теңдеудің екі жағына бірдей шамалар қосу арқылы теріс мүшені жою ережелерін көрсетеді (А.Көбесов, Математика.). Олар теріс және иррационал сандарды қолданып, әртүрлі квадрат теңдеуді бірыңғай к а н о н д ы қ түрге келтіріп шешу ережелерін береді (А.Көбесов, Математика.).