Канцлер

lat: Kansler

[нем. Kanzler] з а т е с і м. с а я с и. Кейбір еуропалық және т.б. мемлекеттерде премьр-министрлерге, жоғары шенді қызмет адамдарына берілетін лауазым және сол лауазымға ие адам. Бірақ бір кезде герман канцлері айтып кеткен пікірді кейін неміс философы айтқан және бір пікірмен будандастырып, революцияға емес, реформаға байланыстырып, қайта кескіндер болсақ: қандай өзгерісті де арманшылдар әзірлеп, тәуекелшілдер жүзеге асырып, нағыз прагматиктер ғана жеңіске жеткізе алатынын ұғынар едік (Ә.Кекілбаев, Үш белес.). Еуродақтағы әріптестері Апеннин түбегіндегі ел жетекшісінің ары таза болғанын қалайды. Әсіресе, Германия к а н ц л е р і Герхард Шредер! («Түркістан»)