Капуста

lat: Kapýsta

зат. ө с і м д і к. 1. Қырыққабат (тамаққа пайдаланылатын бақша дақылы, қабатабат жасыл жапырақтары тығыз орналасқан жұмыр көкөніс). Адам к а п у с т а н ы өте ертеде, мұнан 4000 жыл бұрын өсіре бастағанотаника). К а п у с т а адамды хирургтың пышағынан сақтап, асқазан, ұлтабар ауруларына қарсы тұрадыалам ғажап.). К а п у с т а н ы ң құрамында адам организміне қажетті углевод, белок, минерал тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Малға құнарлы азық (ҚСЭ). 2. б о т а н и к а л ы қ. <лат.brassica> Крестгүлділер тұқымдасына жататын өсімдік туысы. К а п у с т а туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады (ҚҰЭ). Жабайы к а п у с т а Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі жағалауларында кездеседі (ҚҰЭ).