Капуста ақкөбелегі

lat: Kapýsta aqkóbelegi

з о о л о г и я л ы қ. <pieris brassicae> Ақ көбелектер тұқымдасына жататын капустаның және капуста тұқымдасы өсімдіктердің зиянкесі, күндіз тіршілік ететін көбелек. К а п у с т а  а қ к ө б е л е г і Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 60 мм, қанатының үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара нүктесі бар (ҚҰЭ). К а п у с т а  а қ к ө б е л е г і бірінші ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына салады (ҚҰЭ).