Капитуляция

lat: Kapıtýlásıa

[лат. capitulatio] з а т е с і м. ә с к е р и. Жеңуші жақ шарттарына қарсы жақтың мойынсынуы немесе екі жақ қолбасшыларының өзара келісіміне сәйкес жеңілген жақтың қарсыласуын тоқтатып, тізе бүгуі. К а п и т у л я ц и я деп мемлекеттерінде тұрған Еуропа елшілерінің һәм Еуропа қол астына қарайтын адамдардың праволарын белгілейтін шартты айтады (М.Дулатов, Шығ.). Потяхин Германия үкіметінің атынан к а п и т у л я ц и я ғ а фельдмаршал Кейтель қол қойып, неміс әскерлерінің тегіс тізе бүккен хабарын айтты (Ә. Нұрпейісов, Курляндия). К а п и т у л я ц и я әдетте сөзсіз тізе бүгу жөніндегі актіге қол қою арқылы жүзеге асырылады (ҚСЭ).