э к о н о м и к а л ы қ. Жұмсалған капиталдың бір теңгесіне шаққандағы алынған пайданың шамасын сипаттайтын көрсеткіш. Абсолюттік есеппен (теңге, тиын есебімен), бірақ көбінесе салыстырмалы көрсеткішпен (пайызбен) тұлғаланады. Пайданың қандай капиталға жатқызылатынына қарай өндірістің пайдалылығы, атаулы меншікті капиталдың пайдалылығы, баланс бойынша к а п и т а л д ы ң қосынды шамасының п а й д а л ы л ы ғ ы түрлеріне бөлінеді (Қаз. тілі термин. Экономика). К а п и т а л п а й д а л ы л ы ғ ы мен айналымның пайдалылығы арасында өзара байланыс болады, ол кәсіпорынның өнімді өткізуден табатын табысындағы пайданың үлес салмағымен сипатталады (Қаз. тілі термин. Экономика).