Капитан

lat: Kapıtan

ранц. capitaine] з а т е с і м. ә с к е р и. 1. Армия мен флоттағы, полициядағыилициядағы) аға лейтенаттан кейінгі офицерлік шен; атақ, осы шен иесі. К а п и т а н Андреев зеңбіректің қасынан кетпей, әр жерін үңіліп көріп жүр (Ә. Нұрпейісов, Курляндия). Жетпіс жылда осы шыққан биігің! Жігіт кезде салбырайды иығың. К а п и т а н н ы ң қалтасына түседі, Қалдырса үйде милиция киімін! (Қ. Мырзалиев, Мәңгі майдан). Ақырында, қол жұмсау фактісін анықтау үшін құрылған комиссия жәбір көрушінің және оны қолдаған полиция майоры мен полиция к а п и т а н ы н ы ң әрекетін «кәсіптік деңгейі төмен» деп бағалап, оларға С.Еркенов тарапынан «арызқойлар» деген кінә тағылды («Жас Алаш»). 2. Кеме (пароход) командирі. Пароходтың к а п и т а н ы бір жұмысқа алайын деп уәде беріп жаңа пароходқа отырғызды (I.Жансүгіров, Шығ.). 3. с п о р т. Команда жетекшісі, басшысы. Кездесудің 69 минутында команда к а п и т а н ы Тимур Сегізбаев атақты Гарринчаның «сиқырлы соққысын» қайталады. Есеп 2:0. «Қайраттықтар» қайратына мінген сияқты («Лен. жас»).