с ы н е с і м. ә с к е р и. Капитан болушылық. Сталинград түбінде, оңтүстік майдандарында бәріміз бірге соғыстық. Ол кездерде Николай Кропычев лейтенанттан к а п и т а н д ы қ шенге көтерілді (К.Тоқаев, Көмескі із). // Капитан қызметі. Ізтұрған Гурьевтің балық техникумының жанындағы алты айлық курсты бітіріп келген соң «Муссон» сейнерінің к а п и т а н д ы ғ ы н а тағайындалды (С.Хайдаров, Теңіз самалы).