Капитель

lat: Kapıtel

[лат. capitellum] з а т е с і м. с ә у л е т. е т і с т і к. Сәулет өнерінде тіреу бағанының немесе белдеудің арқалықпен жалғасатын жері, үйлесімді түрде арнайы көрсетілген ұшар басы. К а п и т е л ь д і ң алғашқы түрлері ежелгі Шығыста, әсіресе, көне Мысырда, көбінесе, ағаш құрылыстарда, кейін тастан салынған сарайларда қолданылады (ҚҰЭ). Әсіресе Мысыр перғауындары өздері тұрғызған сұсты да ғаламат храмдарының колонналарының ұшар басын салтанатты к а п и т е л ь м е н көркемдеуді мақсат етті (ҚҰЭ). Ол заманғы к а п и т е л ь д е р түрлі гүл, өсімдік жапырағы түрінде кездеседі (ҚҰЭ).