Капацитация

lat: Kapasıtasıaá

сүтқоректілер аталық жыныс торшаларының (сперматозоидтардың) аналық жыныс торшалары қабығынан өтіп кететін қабілетке ие болуы. Бұл процесс аналық жыныс жолдарында жұмыртқа жолы мен жатыр бөлген секреттер əсерімен жүреді. Капацитация мерзімі ірі қарада 5-6, қойда - 1-1,5, қоянда 5-6, мысықта - 3-4, атжалманда 2-3 сағат.