[лат. capella] з а т е с і м. 1. м у з ы к а л ы қ. Ешбір музыкалық аспаптардың сүйемелдеуінсіз бір топ әншілердің орындауындағы хорыс тілі. Мемлекеттік хор к а п е л л а с ы кіретін қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы – республикадағы ең үлкен концерттік ұйым (I.Омаров, Серпін). Астанамызда ай сайын симфония оркестрі мен хор к а п е л л а с ы н ы ң, ән-би ансамблі мен көрнекті өнер шеберлерінің, жас таланттардың концерттері қойылып тұрмақ («Мәдениет және тұрмыс»). 2. м у з ы к а л ы қ. Шіркеу әншілерінің хоры. Орта ғасырлардағы к а п е л л а ғ а музыкалық аспаптар араласпаған (ҚСЭ). 3. с ә у л е т і с т і к. Батыс Еуропа елдерінде бір ғана әулеттің мінәжат етуіне, табынатын діни қасиетті заттарды сақтауға, кейде шіркеу әншілерін орналастыруға арналған діни құрылыс. К а п е л л а ғибадатханалар мен шіркеулерде, қамалдар мен сарайларда да болған (ҚҰЭ). ХVІІ ғасырда сәулетші Джованино де Дольчи IV Сикс папасының тапсырысы бойынша Сикстин к а п е л л а с ы н тұрғызды (ҚҰЭ).