Каприччио

lat: Kaprıchchıo

[ит. capriccio] з а т е с і м. Ерекше екпінділігімен, ойнақылығымен айрықшаланатын музыкалық шығарма; фантазия. XVI-XVIII ғасырда полифониялық музыкада к а п р и ч ч и о тәрізді шығармаларды ричеркар немесе фантазия деп атады (ҚСЭ). К а п р и ч ч и о немесе каприо күтпеген жерден көңіл күйлері күрт өзгеріп отыратын, музыкалық образдар еркін салыстырылатын аспаптық пьеса (Музыка жанр.).