омыртқалылардағы жүрек бұлшық еттерінің (миокард) клеткалары. Кардиомиоцит ұзарған пішінге ие (адамда ұзындығының еніне қатынасы орташа 5:1). Кардиомиоциттердің жиырылғыш элементтері (миофибрилдер) клетка көлемінің 50– 60% (көлденең жолақты құрылымға ие) құрайды, митохондриялар – 30% алып тұрады. Сүтқоректілерде кардиомиоциттердің көп бөлігі – полиплоидты, негізінен екі ядролы. Көршілес кардиомиоциттер жүрек бұлшық ет талшықтарындағы тығыз байланыстардың (ендірмелі пластинка немесе диск) көмегімен қосылады.