Каретка

lat: Karetka

[итал. carretta] з а т е с і м. м ә ш и н е ж а с а у. Мәшиненің не механизмнің бөлшектер бекітіліп, бағыттауыш бойымен жылжитын не ішпекте айналатын тетігі. Металл кескіш станоктардың тұғырында бағыттауышты бойлай жылжитын тетіктік тіректік бөліктік, консольдің бағыттаушысын бойлай қозғалатын станок үстелінің бөлігін, тоқыма станогындағы күрделі және ұсақ кесте тоқуға арналған механизмді к а р е т к а деп атайды (ҚҰЭ). Жезқазғанның шахталарында өздігінен жүретін бұрғы к а р е т к а с ы, экскаватор, транспорт машиналарын қолдану арқылы кен өндіруде жоғары өнім беретін жаңа әдістер жүзеге асырылмақшы (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).