[франц. carcasse] з а т е с і м. қ ұ р. Құрылыстың (үйлердің, қоралардың, т. б.) металдан немесе ағаштан жасалған негізгі қаңқасы. Құрылыста темір-бетоннан, металдан, ағаштан жасалған к а р к а с түрлері көп (ҚСЭ). Метал және ағаш к а р к а с т а р тек құрастырмалы түрде дайындалады (ҚҰЭ). К а р к а с т ы ң түрі, пішіні, өлшемдері құралымының беріктілігімен, орнықтылығымен және қызмет мерзімімен байланысты (ҚҰЭ)