[санск.] з а т е с і м. д і н и. Көне үнді діні мен философиясындағы таным; бірқатар үнді діндері уағыздайтын адам жанының қайта қонатындығы, осыған әсер ететін құдіретті күш жөніндегі маңызы ерекше түсінік. К а р м а танымы бойынша, тірі жан иесі өзінің өмірінде жасаған жақсы және жаман әрекетінің жиынтығына сәйкес, кейінгі басқа өміріндегі тағдыры шешіледі (Мәдени-филос. энцикл. сөздік). К а р м а бойынша, өткендегі әрекеті бүгінгіге, бүгінгісі келешектегісіне ықпал жасайды деп тұжырымдалды (Мәдени-филос. энцикл. сөздік). К а р м а жөніндегі ілімге сәйкес адамның бұған дейінгі және осы қайтадан туғаннан кейін жасаған іс-әрекеттерінің жиынтығы оның нақты тағдыры мен болашақта қандай кескінде дүниеге келетінін анықтайды екен («Парасат»).