Карниз

lat: Karnız

[нем. Karnies] з а т е с і м. 1. Үй қабырғасының жоғарғы сырт ернеуі. Жағар тұрған ескі үйдің өрнекті ағаш к а р н и з д е р і сақталыпты. Бұл к а р н и з д е р бала кезінде Әминаға керемет әдемі болып көрінетін (А.Жағанова, Еркежан.). Төрт-төрттен бір блокқа жұптасқан колонналар тұтас к а р н и з г е жалғасып, одан жоғары күмбез орнаған (Т.Ахтанов, Үндістан.). Сыртқы к а р н и з д е н ірі-ірі тамшы сорғалайды (Р.Тоқтаров, Ертіс.). 2. Перде ілу үшін терезе мен есіктің жоғарғы жағына қағылатын көлденең таяқша.