Карстық

lat: Karstyq

с ы н е с і м. г е о л о г и я л ы қ. Карсты бар, карстқа қатысты. Өткен ғасырдың соңында бірірін жоққа шығаруға және к а р с т ы қ аймақтардың гидрогеологиялық жағдайларын түсіндіруге тырысқан екі теория болады (К. Сапарбайұлы, Геология.). Бірақ карст дамуының ақырғы сатысында к а р с т ы қ жерасты сулары мен жер беті суларының арасындағы айырмашылық жойылып теңесе бастайды (К.Сапарбайұлы, Геология.).