[голл. kardoes] з а т е с і м. 1. Еркектердің күнқағары бар баскиімі. Тұтқын болған соң, сөз бар ма, алтындап таққан погон мен кәңкитіп киген к а р т у з д ы ң құны шамалы (А.Сүлейменов, Бесін). Әдетте, офицерлер жаз айларында жеңіл к а р т у з киеді ғой (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Сақа к а р т у з ы н қолына алып, жалаңбас жүріп келеді (З.Шашкин, Тоқаш Бокин). 2. ә с к е р и. Тез жанғыш матадан жасалған соғыс зарядының қабы.