з а т е с і м. ө н е р. 1. Көркемдік мәні бар, салынған суретістік Я.Тинтореттоның атақты «Жұмақ» картинасы көркемдік құндылығын былай қойғанда, әлемдегі ең үлкен сурет шығармасы (ені 7 метр, ұзындығы – 22 метр) ретінде де әйгілі (С.Абдрахманов, Елдік сыны.). Монументтің артындағы қаз-қатар тізілген тас к а р т и н а л а р д а Желтоқсан оқиғасы аздап бейнеленген («Түркістан»). 2. Жақтауларға салынып, үймерет қабырғаларына ілінетіндей етіп дайындалған көркемдік мәні бар суретістік Дыбыс мұнда әрі толыққанды, табиғи тегіне әлдеқайда жақын. Әзірге бұл қабырғаның жалғыз кемшілігі – оған кілем немесе картина ілуге болмайды («Зерде»). 3. Көркем кинофильм. Ұлттық режиссураны шындаған осы тұлғалар санаулы болса да, к а р т и н а л а р ы н сыналап тарихқа жазып кетті. Бірақ солардың кейбірінің өлмес шығармасы рухани сұранысымызды әлі күнге дейін қанағаттандырып келе жатқанымен, өз есімдері тасада қалып бара жатқандай көрінеді («Түркістан»). «Қожықов режиссурасының кәсіби шеберлігін дәлелдеген к а р т и н а тек «Қыз Жібек» қана емес, «Шыңдағы шынар» да бола алды» дейді кинотанушы Гүлжан Наурызбекова («Түркістан»).