[нем. Karte] з а т е с і м. 1. Қандай да бір сала бойынша Жер бетінің, оның жеке бөліктерінің кішірейтіліп, шартты таңбалар арқылы қағаз бетіне түсірілген кескіні. Араратқа бармастан бұрын біз ол жөнінде қолда бар барлық құжаттармен, к а р т а, суреттермен жақсылап танысып алдық («егемен Қазақстан»). Егістік жердің агрохимиялық к а р т а с ы н жасау арқылы ғана топырақтың қасиетін және өсімдіктердің қоректік заттарды керексінуін есепке ала отырып тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға болады (М.Ерлепесов, Суармалы егін.). Тербеткен бесігісің батырлардың, Аяулы әз жырысың ақындардың. Картадан көрінсең де кішкене боп, Өзенсің дүниеге аты мәлім (С.Мәуленов, Алыс кетістік). 2. Белгілі бір үлгідегі кесте сызба түрінде беріліп, мәліметтермен толықтырылатын қағаз парақ.