Карта

lat: Karta

Қатты қағаздан төрт бұрышты етіп әдемілеп жасалған ойын қағазы, сол қағаздармен бірнеше ойыншы болып көбінесе ақшаға ойнайтын құмар ойынның бір түрі. Бүгін кешке офицерлер біздікіне жиналып к а р т а ойнайды (С.Шарипов, Бекболат). Дегенмен ойналып кеткен к а р т а л а р д ы ң есебінен жаңылып бөгелді. Жерге кеткен карталарды көргісі кеп, ұмсына барып тоқтады (С.Бақбергенов, Адам.). Кино, концерт құрып кетті салтанат, К а р т а ойыны, арақ ішу бар талант. Оқып-оқып сұрақ қойды ақсақал: Айтшы ақыным, осыны кім байқамақ? (Калықов, Жезкиік). Орыс бен біздің қазақ араласа кетсе, қазақ к а р т а ойнап, өтірік арыз жазуды үйренеді (Азат).