[франц. cartel] з а т е с і м. э к о н о м и к а л ы қ. Шығаратын өнімді реттеп, мүшелеріне оны сату арқылы пайда түсіруді көздейтін белгілі бір өндіріс саласындағы фирмалардың, компаниялардың т.б. монополистік бірлестігі. Ұйым жеңілісін әлем алдында мойындамай, Ирактың мұнай к а р т е л і н д е г і жаңа жүйесін жүзеге асыруға тырысып баққан мұнай экспорттаушы елдер Ирак мұнайы экспорты үшін арнайы бағдарлама дайындап жатыр («Түркістан»). Картельдің саясаты – мұнайшылар арасынан жақтастарын жинай бастау («Түркістан»). К а р т е л ь нарықтық тетіктердің жұмыс істеуін қиындататындықтан оған монополияға қарсы заңнаманың күші қолданылады (ҚҰЭ). Кейбір елдерде к а р т е л ь заңмен тыйым салынған, екінші бір елдерде міндетті тіркеуден өткізіледі (ҚҰЭ).