Картография қағазы

lat: Kartografıa qaǵazy

географиялық карталарды басуға арналады. Екі - Б және В маркалы болады. Бет үлгісіндегі қағаздың көлемі - 600х920-дан 930x1200 миллиметрге дейін жетеді. Рулондардың ені 600-ден 1000 миллиметрге дейін, 1 шаршы метрінің салмағы Б маркасы қағазынікі - 70, 100 және 120 грамм: В маркасынікі - 70, 80, 100, 120, 140 және 160 грамм; Б маркасының қағазында - 50%-дан аспайтын агартылган целлюлоза болады.