қ а р ж ы. Кәсіпорындардың (фирмалардың, кәсіпкерлердің, т.б.) қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және жұмсау ережелерін қатаң орындау. К а с с а л ы қ т ә р т і п т і ң негізгі элементтері: түскен ақшаны банкке уақтылы өткізуі, меншікті кассада қолма-қол ақша қалдығының белгіленген лимитін сақтау, кассадағы түскен ақшаны белгіленген нормалар шегінде дербес жұмсау, банктен алынған қолма-қол ақшаны мақсатқа сай жұмсау және пайдаланылмаған ақшамен есеп айырысу ережелерін сақтау (Қаз. тілі термин. Экономика).