lat: Kaspıı mınogasy
зоол. <лат. Caspiomyzon wagneri> Каспий теңізі су алабының Әзірбайжан және Солтүстік Каспий жағалауында тараған, ұзындығы 20–55 см, салмағы 30–200 г-дай болатын, денесі жалаңаш, пішіні жыланбалық тектес миногалар тұқымдасының жалғыз түрі.
Каспийминогасы өзендерде су құрылыстарын салу нәтижесінде көбею жағдайының өзгеруіне байланысты бүкіл Каспий алқабында саны өте жылдам кеміп келе жатыр (Қазақст. қызыл кітабы).