[гр. kata] з а т е с і м. х и м и я л ы қ. Электрлік оң зарядқа ие ион. Молекула ионнан тұратын болса, оның біреуі к а т и о н, біреуі анион болады (Б.Бірімжанов, Жалпы химия). Сілтілік металдардың бәрі өте күшті тотықсыздандырғыштар, өздері химиялық реакцияда оңай тотығып, оң 1 валентті к а т и о н түзеді (Қ. Нұрымбетов, Метал. хим.). Су молекуласынан басқа минералдар бетіне қуыстағы су ерітіндісінің к а т и о н д а р ы да тартылады (К.Сапарбайұлы, Геология.).