[грек. katarrhaktes] з а т е с і м. м е д и ц и н а л ы қ. Көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы. К а т а р а к т а кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көру қабілеті кемиді (ҚҰЭ). К а т а р а к т а м е н ауыратын адам майлы және тұзды тамақ жемей, витаминдерге бай тағамдарды жегені дұрыс (ҚҰЭ). Силоксанның молекулалық құрамы мен құрылысы көздің жанарының құрылымына жақын. Сондықтан оны медицинада катарактаны – суқараңғылықты емдеуге пайдаланып келген («Зерде»).