з а т е с і м. д і н и. Батыс Еуропа елдерінде кең тараған христиан дінінің негізгі бағыттарының бірі, католик діні және сол дінді ұстаушы адам. – Менде дін к а т о л и к, дін коммунист, – деп Рауль қарқ-қарқ күлді (Б.Момышұлы, Шығ.). Августианизм бірнеше ғасыр бойы үстемдік етіп келді. Тек 13-ғасырдан соң ғана оның орнын пюнизм иеленді. Бірақ к а т о л и к т е р арасында мұның ықпалы әлі де болса зор («Парасат»). Франциядағы к а т о л и к т е р протестант-гугеноттарды жаппай қырып-жоюға кірісті («Парасат»). // Католик дінін ұстанушы, католик дініндегі, католиктік. Бұған к а т о л и к пасторлар да қосыла кетеді (А.Қасымжанов, Диалектика). Осыған орай, Ватиканның мемлекеттік хатшысы Анджело Соданоның Қазақстанға арнайы сапарлай келіп, к а т о л и к епархиясын ашу туралы келісім жасасқанына қалай қарайсыз? («Түркістан»).