с ы н е с і м. Католик дініне тән, католик дініндегі. Реформация қарсаңында Англия жерінің едәуір бөлегі к а т о л и к т і к шіркеудің феодалдық меншігі болды (К.Маркс, Капитал). Рим папасы IV Иннокентийдің тапсырмасымен к а т о л и к т і к францискан монахтарын бастап 1245 жылы француздың Лион қаласынан шығып, Үстірт үстіндегі “Ноғай жолымен” Қарақорымға барып, 1247 жылы кері қайтқан, сөйтіп Дешті Қыпшақ даласын еркін аралаған Плано Карпини түркілердің Тәңірге жөн-жосықсыз жалына бермейтінін, оны шектен тыс марапаттап, мадақтамайтынын айтады («Егемен Қазақстан»). Аббаттық – дін қызметшісі – аббат басқаратын к а т о л и к т і к монастрь («Парасат»).