[лат. cavitas] з а т е с і м. ф и з и к а л ы қ. Сұйықтық ішіндегі тұтастықтың бұзылуы, яғни тамшылы сұйықтықта газбен, бумен не бұлардың қоспасымен толған қуыстардың (бұлар кавитациялық көпіршіктер немесе каверналар деп аталады) пайда болу процесі. К а в и т а ц и я – қысымның кенет өзгеруі нәтижесінде сұйықтықта газдың түзілуі және қуыстарда сақталып қалуы (Қаз. тілі термин. Химия.). К а в и т а ц и я мәшине тетіктерін тез тоздырады. Техникада кавитация құбылысын арнаулы аппараттарда әдейі тудыру нәтижесінде, мысалы, су ішінде майлы заттың эмульсиялануы жоғарлайды (Қаз. тілі тнрмин. Кен.)