з а т е с і м. 1. ХV ғасырдың екінші жартысынан бастап Польша, Литва, Орыс мемлекеттерінен оңтүстік, оңтүстік- шығыстағы шеткі аймақтарға қашқан шаруалар мен қашқындардан, посад адамдардан, солардың ұрпақтарынан құралған Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейдегі әскери сословие. Ең алдымен, Батыс Сібір к а з а к т а р ы н ы ң осы аймақты Ресейге бағындырудағы орасан зор тарихи рнлін барынша мадақтап өткені жөн (А.Сатаев, Дала). Солдаттар мен к а з а к т а р әлгі «жанды» қамалға келіп тіреліп, бір сәт кідіріп қалды (Ә. Әлімжанов, Махамбетістік). 2. Ертеректе шеткі аймақтарына қашқан шаруалар мен қашқындардан құрылған әскери сословие өкілдерінен жасақталған патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын жүзеге асырушы жазалаушы қарулы күштері. Казактар десе, біз көне Ресей патшалығының қамшысы, найзасы және қылышы іспетті жазалау «машинасын» көзімізге елестетеміз (М.Шоқай, Таңд.). Осы жиылыста олар өздерін патшалық кезеңдегі Сібір к а з а к әскерлерінің ізбасары деп жариялады. Олар “казактардың тарихи аумағы − Батыс Сібір және Далалық өлкенің жерлері” деп өздерінше шешім шығарып, Қазақстаннан жер даулай бастады («Азат»). Сондай-ақ “Азаттықтардың” тарапынан комиссия құрылып, олар “Қазақстан Республикасының аумағында оның тұтастығына нұқсан келтіретін әскериленген ұйымдар құруға ұмтылған к а з а к ұйымдарының құрылуы мен қызметіне тыйым салу” туралы Үкіметке ұсыныс жасады («Жас Алаш»). Оның себепкері – алысқа ұзағанмен, алапат ісі естен кетпеген кешегі к а з а к т а р да, әлейім-тәлейімде әркімнің теліміне түскен сұлу кәнизактары да емес-ті (М.Мағауин, Аласапыран).