Казак-орыс

lat: Kazak-orys

з а т е с і м. 1. Ресейден тыс жерлердегі казактарскери сословие өкілдері). Бұл Сыр бойынан қашып келген к а з а к-о р ы с т ы ң офицері болады (Қ.Исабаев, Соңғы ерлік). Бұрынғы к а з а к-о р ы с станцияларында совет жұмысы әлі де өте нашар жүргізілдіазССР тарихы). К а з а к-о р ы с т ы ң уряднигі, полицайы, атауыз, шаңбасар даход жинаушысы бір кенеледі. Пәтер жалдап, буылдық сатып, барлық казак-орыс бір шала байып қалады (Ж.Аймауытов, Қартқожа). 2. Казак (патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын жүзеге асырушы жазалаушы қарулы күштері). Орыстың, к а з а к-о р ы с т ы ң, ноғайдың, сарттың, қытайдың заңдарымен қатысып, шатасып, азып-тозып болған (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам). Еділ-Жайық бойындағы к а з а к- о р ы с т а р, Теңіз бойындағы байлар қазақтың меншікті жеріне ауыз салды (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). К а з а к-о р ы с пен қазақ әншейінде «бәленшеке», «түгеншеке» десіп жүрсе де, жеріне, суына, балығына, ағашына қазақтың тұмсық сұққанын көрсе, «екееке» далада қалады. Қазақтың шаңырағына қобыз тартылады (Ж.Аймауытов, Қартқожа).