Казактар

lat: Kazaktar

Ресейдегі этносословиялық топ. Олар түп негізінде әртүрлі ұлттардан, соның ішінде түркі халықтарынан да шыққанымен, орыс этносына сіңген орыстілді, христиан дінді топ. Патшалы Ресейдің қазақ жерін отарлауында әскери құрамалар ретінде айрықша белсенділік танытқан казактар Алаш қозғалысы тұсында Верный, Ақмола, Қызылжар, Павлодар, Өскемен, Орал, Семей және т.б. бекіністерде тұрды. Алаш әскері большевиктермен соғысқанда казактармен одақтас болды. Казак әскерлерінің көптеген офицерлері Алаш әскерін соғыс өнеріне үйретуге атсалысты.