з а т е с і м. <лат. thorax> 1. Дененің қарыннан мойынға дейінгі бөлігінің алдыңғы жағы, көкірек. «Сен –жарым» деп, алдаған еп Тиеді оқ боп к е у д е г е. Өкінеді уайым жеп, Ол аныққа нанбады. Өмір үйін тұрғызам деп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Алаңсыз жатқан жерден араласты, Қапыда құлатқандай қара тасты. Кіршілдеп қылыш пенен айбалталар, Ұшырды к е у д е с і н е н талай басты (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Шақырайған күнге біресе к е у д е с і н, біресе арқасын тосып, рақаттанған ақынның көз алдына Қара теңіздің жағалаулары елестеді (Т.Әлімқұлов, Сейтек.) Столға төңкерілген кең к е у д е с і, басын тіреген жуан, жүнді білегі отырса да, денесінің зорлығын білдіріп тұр (Ғ.Мұстафин, Шығ.). 2. Т ө с і м д і к. Шор буын, сүмбіл сүйек, к е у д е с і кең Шелектей кебентайы етек пен жең. Жүгініп жұрт алдында сө з сөйлесе, Болмаған бір қатесі, бәрі де жөн (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). К е у д е д е жалтыраған Алтын Жұлдызға қайта-қайта қарай бергің келеді (Ы.Жақаев, Менің бақытым.). К е у д е с і н е былтыр алған «Құрмет Белгісі» орденін тағып алыпты (Б.Тоқтаров, Қыран.). Нұрмолданың к е у д е с і н д е екі бірдей Алтын Жұлдыз жарқырайды (С.Бақбергенов, Адам.). // Көкірек, менмен, тәкаппар. Өзі тұрған бір к е у д е (Б.Соқпақбаев, Алыс ауыл.). Аңнан жаман адам бар, Жүректің сырын сезбейтін; Көкірек, к е у д е надандар Көңілдің назын білмейтін (А.Лекеров, Өмір оты.). 3. Әйел адамның омырауы. Көйлек керіп дүрсілімен құс к е у д е ң, Бір әпкеңді ел жатарда мың алдап, Ай жарығы үйтастарға түскенде, Ақбоз үйден шығатынсың сылаңдап (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Ақырын суға келіп жақындасып, Аяғын былқ-сылқ етіп әрең басып. Ағытып түйме бауын, белін шешіп, К е у д е с і н желге қарай қойды ашып (Ә. Найманбаев, Шығ.). 4. Дене, бой. Қарағым, жалғыз тілегім, К е у д е д е қолқа жүрегім – Тілеуқанды сүйгенде Қуанып мен күлермін (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). Сақтаймыз ұлы Отанды, Москваны, Қалғанша к е у д е м і з д е бір қасық қан (А.Тоқмағамбетов, Дастан.). 5. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Көңіл, көкей, ой, сана. Ақан өлімі – халқымыздың к е у д е с і н д е г і жарасы (I.Есенберлин, Қатерлі.). Кейде қалғи бастасақ тақымдайтын, Алыс тарта бастасақ жақындайтын. К е у д е м і з д е осынау қартқа деген Түсініксіз бір сезім лапылдайтын (М.Шаханов, Ғасырлар.). Байқан күйеудің к е у д е с і көкке серпілді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жайылды Шашубай боп менің атым, К е у д е м д е саудырлап тұр жазған хатым (Жамбыл, Шығ.). К е у д е м д е үміт пен күдік қосарлана кетті (С. Мұқанов, Есею жыл.). // Алдыңғы қатарлы. Қазірдің өзінде к е у д е қызметкер, келешегі айнадай сара тұрған сияқты (Б.Майлин, Азамат.). Бұл біздің шөпті бір қос тәуір береді-ау деп, сеніп жүрген к е у д е орта қорығымыз (З.Шүкіров, Қиын түйін.). 6. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Жазықтық, бой. Жер к е у д е с і н е н ел ырысын тебіндететін агроном да – бір ана (С.Ақтаев, Дала.). Жайлаудың адырлы к е у д е с і н тіле түсіп, жіпше шұбалған жалғыз аяқ соқпақ жолмен келе жатыр (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек.). К е у д е с і ылди, арнаға сай, әрі беті шегірен, Жер қабаты өте жұмсақ, аңғарғам-ды шөбінен (М.Шаханов, Ғасырлар.). Сәтжан бірде тік жүріп, бірде тасқа жабыса, өрмелеп, жартастың к е у д е с і н е таман келді (С.Бегалин, Уақыт.). 7. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Іш, жан-дүние, өзі. Өзің барсың мына көз, мына қолда, Бірге келе жатырсың ұлы жолда. Сенің қайда бейітің көргемін жоқ, Мүмкін, менің к е у д е м д е шығар ол да (Т.Молдағалиев, Шақырады.).