е т і с т і к. 1. Кеудемен итеру, омыраулау. Тазыдан өз күшін әлдеқайда басым деп есептеген қасқыр шыдамы таусылып, к е у д е л е й ұмтылған-ды. (М.Мағауин, Қиянда.). Әкесі қара түлейдің қақ ортасына к е у д е л е п енуге дәті бармай, көз ұшынан ернеу көрініп тұратындай жерге барғансын, есегін сексеуілге байлайды. Жаппарды жиырма қадамдай аулаққа алып шықты (Ә.Кекілбаев, Бір уыс.). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Бастырмалату, екінші жаққа сөз бермеу, күшейту. Өндіріс жөнінде біріне-бірі кеуделей сөйлеуді екеуі де ұнатпайтын. Арызсыз жүрмейтін әркімдер Голощекиннің үстінен Сталиннің атына бюрократ, диктатор, менмен деген арыздарды айдап, бір ретте Сталин «Голощекинге «байқа» деп сақтандырса керек. Содан бері батырың оншалық к е у д е л е й бермейді (Ғ.Мүсірепов, Белдерде.). 3. Екпіндеу, ентелеу. Оның көзі өзіне қарай кеуделеп келіп қалған машинаның доңғалағына түсті. Бұзып-жардық, Кеуделедік, Жандәрмен… Бірақ даңқ бізден алыс қонды әрмен. Бүріп алмақ болдық болат шеңгелмен. Ұрып алмақ болдық қалың томдармен!. (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан) Сол кезде Ыбырай алдындағы тастақ бетке екпіндей кеуделей шыға беріп: –Ат!– деді де, өзі жаңағы жігітті жыққан солдаттың мылтығынан шыққан жеңіл көк түтін айыға бергенде бірдеңкені басып жіберді. (М.Әуезов, Қилы заман). Қыршын ерлер алғыр-ақ Қымыз ішіп балбырап, Келіп еді к е у д е л е п, Кетті иығы салбырап (Қ.Мырзалиев, Алуан палуан). 4. Дендеу, еңсеру. Сөзіне осы айтқан Барзуқанды, Қолына «ал онда» – деп шоқпарды алды. – Кешегі кезегімді алайы? – деп, Кеуделеп қарсы алдыма келіп қалды. (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). Қиссаларды едәуір к е у д е л е й бергенде, доңыз жылының атақты жұтына ұрынып, бәрінен біржола ажырастық (Ғ.Мүсірепов, Белдерде.). Аспанды кеуде леп барған толық ай да жарқырай қалды. (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). 5.Кеудесіне шейін бату, ортасына шейін бату. Жердің миы ақтарылған сылпың жаңбыр. Жолдан шығып, балшыққа кеуделеп қалыпты генералдың «виллисі» (С.Бердіқұлов, Егеулі найза.).