Кең форматты газет

lat: Keń formatty gazet

(broadsheet) жалғыз беттен тұратын ойын-сауық ақпараты, әсіресе, қылмыс пен сенсациялық апаттар жарияланатын арзан, тарихи газет. Кең форматты газет газеттің алғашқы нұсқасы саналады. 1860 жылдары арзан газеттер өз тұғырына көтерілді. Бүгінгі таңда кең форматты газет үлкенірек форматтағы газеттерге (Австралияда, әдетте 841 мм × 594 мм) ауыстырылды. Кей мемлекеттерде, соның ішінде Австралияны қоса алғанда, кең форматты газет таблоид баспасөзбен салыстырғанда «сапалы» не журналистік сауаттылығы жоғары деп есептеледі.