Кең калибрлі пулемет

lat: Keń kalıbrli pýlemet

(калибрі 12,7-15 мм) - әуедегі нысанаға, атыс нүктелеріне және жұқа броньды әскерлерге қарсы қолданылатын автоматты қару. Кең калибрлі пулемет арнаулы станоктар мен қондыріыларға орнатылады. Қондырғыларға әдетте бір мезгілде атыс жүргізетін бірнеше пулеметтер қондырылады. 1938 ж. В.А.Дегтярев пен Г.С.ІІІпагиннің үлгісімен жасап шығарылған (ДШК) Кең калибрлі пулемет бар. Кең калибрлі пулемет дөңгелекті немесе үш аяқты жан-жақты жетілдірілген станокке бекітіледі. Кең калибрлі пулемет танкілер мен ұшақтарға да орнатылады.