Кеңдік

lat: Keńdik

1. Көлемі үлкею, молаю. Өзеннің айнадай жарқыраған айдыны бұрынғысынан да к е ң е й е түсіпті, құшағын кең жайып, аршын төсін ашып тастағандай (З.Ақышев, Ақбел.). Ауылдың тап ортасындағы осы бір үңгір к е ң е й е түсіп, мектептің іргесіне жақындап барып тақалған екен (Ә. Нәбиев, Ауыр апта.). Көшең бар к е ң е й г е н, Үйің бар көбейген. Келген жан, келген жан Қайтады көп оймен (С.Сейітов, Жаңғырық). 2. Даму, өсу, баю. Абайдың да жан-жағын терең барлауына, дүние танымының к е ң е й і п, ой-қиялының өрістеуіне, ақындық натурасының қалыптасуына орыс достарының тигізген ықпал-әсерінің ұшан-теңіз екені белгілі (С.Мәуленов, Шыңда.). Бала табиғат құбылыстарын көркемөнер туындыларымен танысу кезінде байқайтын болса, оның танымы к е ң е й е түседі (Қ.Жарықбаев, Психология). Бала бір жасқа жақындаған кезде аяғын апыл-тапыл басып, тілі шыға бастайды, өмірлік сезімі к е ң е й е береді («Халық мұғ.»).