Кебеже

lat: Kebeje

[ар. ] з а т е с і м. 1. э т н. Көбінесе ас, тағам салуға арналып ағаштан жасалған әшекейлі, оюлы, үлкен сырлы сандық (бұйым). Оң жақ босағада тұрған ескі к е б е ж е д е н дастарқанға қос уыс ірімшік, он шақты баспа құрт, тоңазыған бір тәрелке сары май әкеп салады (З.Ақышев, Ақбел). Оның бар байлығы екі қолы еді. Ағаштан оюлап төсек, к е б е ж е, жұқалаң, ер жасайтын (А.Лекеров, Түз гүлі). // Сан есімдермен тіркесіп келіп, өлшем, мөлшер мағынасын білдіреді. Ұлжан нағашылардың ішіндегі үлкендеріне арнап, екі к е б е ж е сүр де әкелгізген (М.Әуезов, Абай жолы). 2. к ө н е. Байырғы тұрмыста көшіп-қонғанда түйенің үстіне байлап қойылатын, балааға, шал-кемпірлер отыратын шарбақ қоршау, қорап. 3. Тауар поезының жүк таситын темір қорабы; шанақ. Арғы түптен бір көш темір к е б е ж е л е р і н тізіп алып, зырқырап келе жатқан электровоздың ышқына салған айқайы шығып еді, екі шам қабырғаға барып тұрып қалды (Ғ.Мүсірепов, Белдерде).