е т і с т і к. 1. Белгілі бір орыннан бері қарай жүру, бет алу, жақындау, жуу, жылжу. Айлақ қаладағы Аяндікіне келіп кеткенде, ертең тағы да к е л е м деп уәде қылып, бірақ к е л м е й кеткен (С.Сейфуллин, Шығ.). Жарқыным, айып емес кел дегенің, Өзің келсін деген соң, мен де к е л д і м. Келсем де досты танып, дұшпан көріп, Қасымнан алыста тұр, келме дедім (Айтыс). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Адам жасының белгілі бір мөлшерге жетуі, толуы. Ата баласы алпысқа келмей, ақыл таппас (Мақал). Жастар, сендердің білімдерің көп. Оған дауым жоқ. Дегенмен біз алпысқа к е л д і к. Сендер жиырмаға к е л д і ң д е р, соны ұмытпаңдар (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). К е л г е н ш е екі жасқа жас баланың, ісі жоқ айқай, жылау, басқа гәппен (Айтыс). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Пайда болу, бір әрекетке зауқы соғу, ынталы болу. Жігер к е л д і ұлы іске, қуат к е л д і, Сілкінген ел достықпен қуатты еді (Партия тур. өлеңд.). Жас жаным толқи берді, тыншымадым, Шабыт к е п, іздегендей жыр шумағын (Партия тур. өлеңд.). Жүзімнен сүйіп жүрдің, Тиген су ернің білем. Шабыт боп иіп жүрдің, Жақсы жыр к е л д і білем (Ж.Қалиев, Армысың.). 4. «Бол» сөзінің мағынасында. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр к е л с і н айналасы (Абай, Тол. жин.). Шүу дегенде көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл к е л е д і ондай қаншық (Абай, Тол. жин.). Жас балалар үлкен адамдарға қарағанда әлдеқайда намысшыл, менменшіл к е л е д і («Халық мұғ.»). 5. «Түсті», «тиді», «айналды» етістіктерінің мағынасында. Еңбек нәтижесі қуанарлықтай. Қазір шаруашылықтағы әрбір механизатордың орташа еңбекақысы айына екі жүз отыз сомнан келді (Ұ.Бағаев, Дала.). 6. Негізгі етістіктер мен есім сөздердің жетегінде айтылып, көмекшілік қызмет атқарады, қимылдың сипатын білдіреді. Үндемей кіріп к е л д і ң тайпақ қара, Өзің қандай, мен қандай байқап қара (Жамбыл, Шығ. жин.). Поезд қазір кең жазықта бауырын еркін жазып, маңдайын желдің өтіне төсеп зымырап к е л е д і (С.Жүнісов, Өшп. іздер). Бибажардың сілтеуімен Сағира колхоз басқармасының кеңсесіне беттеп к е л е д і (С.Алдабергенов, Алға). 7. Етістік сөздердің жетегінде келіп, оларға күшейтпелі мағына қосады. Оқытады к е л і п, оқытады к е л і п сендерді. Сонда сендерге не оқытады екен-ау деймін,– деді кемпір (С.Бақбергенов, Алтынемел.). Неге екенін қайдам, тып-тыныш отырған баланы ұрысты-ай к е п, ұрысты-ай к е п (Ауызекі).