Келбет

lat: Kelbet

з а т е с і м. 1. Түр, түс, кейіп, кескін. Таныды Күнсұлуды к е л б е т і н е н, Бір сүйді аттан түсіп оң бетінен. Не қылсам Айсұлуға жолығам деп, Жөнелді Балқыбекке сол бетімен (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Күләннің өзімнен гөрі сүйкімді к е л б е т і н е бұрынғыдан бетер сұқтанып қарай бердім (Б.Соқпақбаев, Балалық.). 2. а у ы с. Сұлулық. Қызың бар к е л б е т і н е ай табынған, Ұлың бар айбатына жау бағынған (М.Хакімжанова, Таңд. өлеңд.). Жанар Қабеннің әлгі бір әсем к е л б е т і н қазқалпында қайта елестетіп, көңіл көзімен сүйсіне көріп жатыр еді (З.Қабдолов, Жалын). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Көрік, бейне. Кең өлке к е л б е т кетіп мұнар басқан, Бір шақта сері жастар құмарласқан. Көтеріп нкшелерін момын жандар, Қош айтқан, қол алысқан қия алмастан (М.Дулатов, Шығ.). Үндістанның әр қаласы өзінше көрікті, әр қаланың өзіндік к е л б е т і бар (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). Сыңсыған орманы, асқар Алатауы болмаса да жазық дала к е л б е т і қараған жанды еліктіріп әкетеді (Т.Тобағабылов, Жазира).