с ы н е с і м. 1. Келбеті келген, әдемі, сұлу, сымбатты. Жұртқа шай құйып отырған ақсары келген келбетті әйел – Нұржамалдың анасы. Бір кезде көрікті адам болғаны әлі де өңінен байқалады (I.Есенберлин, Қатерлі.). Жұмабайдың әйеліндей к е л б е т т і әйел бұл өңірде жоқ. Ол – сұңғақ бойлы, аққұба, қарап тұрғың келетін к е л б е т т і жан (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). 2. Бітімді, мүсінді. Бұ келген төрт жігіттің бірі: қошқар туған қозыдай к е л б е т т і, бітімді Ақбала еді; енді бірі келбеті де, киімі де қоңырлау, жүріс-тұрысы да солапаттау Балташ деген жігіт еді; одан соңғы дөрдек ерін, жалпақ мұрын, бір көзін аса, бір көзін баса қарайтын Доға деген қара бұжыр жігіт еді. Төртінші – Доғаның жанында ершіктей, Балташтың жанында шаппашоттай жылмырайған Жорғабек деген кісі еді (Ж.Аймауытов, Шығ.).