з а т е с і м. 1. Бір топ түйе, бір қора інген; бураның үйірі. Түйе жүндеу үшін арнаулы үш қора болғаны жөн. Оның біріншісі – бір к е л е түйе сиятын ашық қорған. Қалғаны шағын екі қораның төбесі жабық болады (И.Жұмағұлов, Түйе өсіру.). Қолдан шөгеріп қайыруды қора жағдайында, ал к е л е г е бөліп қайытуда жайылым жағдайында қолдануға болады (Малшыларға кеңес). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Ел арасы, көп іші, орта. Қодардың қылығы – сырт елдің алдында менің бетіме салық болса, осы елге, өз к е л е ң е келгенде, осы отырған бәрімізге салық (М.Әуезов, Абай). Құдай таудай талап берген соң, маңдайың жарылып, өз к е л е ң н е н оздың (М.Мағауин, Ақша қар). 3. Жиын, кеңес. Бар ғұмыры күрес-тартыспен өткен Сұңғыла әке көзінің тірісінде баласын ел к е л е с і н е араластырып баулығысы келеді екен (Қ.Жұмаділов, Тағдыр.).