Келесі, ендігі, алдағы

lat: Kelesi, endigi, aldaǵy.

Бұдан былайғы, келер кезектегі, одан кейінгі. Ұрмаш келесі жылы үшінші класты өте жақсы деген бағамен аяқтап шықты (Ә. Әлішев). Ендігі жұмада тарыны орып, сөкке тоятын болдық (А. Тоқмағамбетов). Жанат алдағы жиналыста жасайтын баяндамасын жазып, әкесінен бірер мәлімет алуға тосқан еді (Ғ. Мұстафин).