Келіс етістігінің қимыл атауы. 1. Келісім беру, уәделесу. Қиын, өте қиын операция, тым болмаса өміріңізді сақтап қалудың жағдайын ойластырамыз. Сіз осыған к е л і с у і ң і з керек (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Былтырғы өз отарын қайта қабылдап алуға бел байлады. Ендігі мәселе – совхоз басшыларымен барып сөз байласу, к е л і с у (Ә.Ибрагимов, Нағыз қайнар). 2. Жарасу, ұнасу, сай келу.