Кемел

lat: Kemel

[ар. ] с ы н е с і м. 1. Толық жетілген, жеріне жеткен. Ыбырай Алтынсарин сынды к е м е л ойы бар, зерделі кісі, көкірегінде білім шырағы жанған ұлы ұстаз деседі (Қ.Сәрсекеев, Кілт.). Дон Жуанның бұл тұңғыш сүйгені деп, Мені жаңа құрбанды к е м е л і деп, Мені нанады екен деп ойлайсыз ба? (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ке м е л жыр жазған сайын сезеді ішім, Қайтейін, доспен бірге жау табамын (Қ.Мырзалиев, Көш). 2. Дана, данышпан, аузы дуалы. Көп шуылдақ, не табар билемесе бір к е м е л (Абай, Тол. жин.).