Кеміт етістігінің қимыл атауы. 1. Төмендету, азайту. Біліп тұрған баланың бағасын к е м і т у деген – қылмыс, бізде ондай әдет болған емес (М.Дүйсенов, Мейман.).
2. Қорлау, кемсіту. Қыз болып туса да, жарқын ойының ұшқыны атқылап тұрған перзентін к е м і т у г е әке жүрегінің дәті жете ме? (Ж.Еділбаев, Бүгінгі ауыл.). Үшіншісі – қастық қылмақ, қор тұтпақ, к е м і т п е к. Олар дұшпандық шақырады (Абай, Тол. жин.).