с ы н е с і м. 1. Жарымжан, мүгедек; кемістігі бар. Қалыңмалын төлесе, қазақ қызын шал да, к е м т а р да ала беретінін көріп жүрміз (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Міне, екі жылдан асып барады, к е м т а р м ы н, мешел бала секілдімін, жүре алмаймын (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Жасы ұлғайып, белі шойырылған, аяқ-қолы мертіккендері де аз емес. Әйтеуір дені сауы шамалы, көбі к е м т а р (З.Жәкенов, Таң самалы). 2. Тапшы, жетімсіз; мұқтаж. Ауыр бейнет, к е м т а р тұрмыс салмағынан жаншылған кембағалдар әрдайым атақты шайырлар өлеңдерін рухани медет етіп отырады (Р.Бердібаев, Гүлстан.). Біздің жазғандарымызда бай табы болса, не ақылдан кемтар, не күштен к е м т а р, шертіп қалсаң, күл-талқаны шығатын бейшара қылық көрсетіліп тұр (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).