Кен байыту

lat: Ken baıytý

к е н і с і. Бос тау жыныстарынан пайдалы минералдарды бөліп алу мақсатында минералдық шикізаттарды алдын ала өңдеу жұмыстарының жиынтығы. Кемелденген к е н б а й ы т у процестерінде алынатын пайдалы құраушылардың мөлшері 92-95%-ға жетіп, ондағы пайдалы құраушысы бар таза концентрат шамасы 85%-ға жуық болады (ҚСЭ). К е н б а й ы т у процесі кентасты қолдан сұрыптау, флотациялық байыту, т.б. арнаулы әдістерге ажыратылады (ҚҰЭ). К е н б а й ы т у нәтижесінде екі түрлі өнім түзіледі: пайдалы құраушыларының негізгі массасы топтасқан концентрат және қалдық (ҚҰЭ). Концентратқа ауысатын шикізаттың пайдалы құраушылары мен олардың концентрат құрамындағы шамасы к е н б а й ы т у процесінің маңызды технологиялық көрсеткіші болып табылады (ҚҰЭ).